16 қаңтар күні Орда ауылы, Жәңгір хан атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушы қыз балаларына арналған «Қыз бала тәрбиесі және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге аудандық орталық аурухана дәрігер - гинекологы К.Абдулова, психолог А.Биялиева, отбасын жоспарлау кабинетінің медбикесі А.Ажгалиева және орда ауылдық аурухана акушері Г.Ибрашева, ауылдың «Бала мен ана және отбасы» комиссиясының төрайымы А.Бисалиева, сонымен қатар ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты. Кездесу барысында дәрігер гинеколог К.Абдулова «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында баяндама оқып, тақырыпқа сай бейнебаяндар мен слайттар көрсетті.Қыз балалармен ата-аналар мамандарға көкейтесті сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Кездесу соңында психолог А.Биялиева қатысушыларға сауалнама жүргізіп, естелікке фотоға түсті.

FaLang translation system by Faboba