16 қаңтар күні Бөкейордасы орталық аурухана бас дәрігері Ә.У.Габбас Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын аудандық аурухана қызметкерлерімен талқылады.

Елбасымыздың жүзеге асыратын 10 негізгі міндетін көрсетіп , соның ішінде жетінші бағыты адами капиталдың жаңа сапасы, денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану аурулардың алдын алу мен емдеуді айтарлықтай жақсартып, медициналық қызмет көрсетілулердің сапасын жоғарлату мақсатымен, денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетінін, ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің сапасын көтеру, қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру, онкологиялық аурулардың алдын-алу жұмыстарын белсендету, медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы қайта даярлаудан өткізілуі туралы сонымен қатар, денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі секілді міндеттемелер медицина қызметкерлеріне түсіндірілді. Кездесу барысында ақ халатты абзал жандар өздерінің пікірлерін білдіріп, Жолдауды қолдайтындықтарын айтты.

FaLang translation system by Faboba