Жаңа жыл мерекесі қараңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, аудандық демалыс орталығының ұйымдастыруымен Аудандық мәдениет үйінде мекемелер арасында рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Әндер мен жылдар» атты мекемеаралық фестиваль өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды: І кезең –Хит әндер, ІІ кезең- Ретро әндер.

Байқаудың талаптары: әр мекеме міндетті түрде өзінің жұмыс орнында немесе таңдауларына орай кез-келген жерден ұжым болып бір қызықты (әр түрлі тақырыпта таңдауларына немесе фантазияларына орай)бейнебаян түсіріп, қазіргі уақыттағы барлық хит әндерден 1 нөмір және екінші кезеңде ретро әнерден 1 нөмір орындалуы керек. Әндерді жеке, дуэт, трио, квартет, т.б. Міндетті түрде солистердің артында әннің мәтініне, мазмұнына байланысты ұжымдық би ұйымдастырылу тиіс болды.

Аталмыш шараға жеті мекеме қатысты.

Бұл байқауға аудандық орталық аурухана ұжымыда белсене қатысты. Бірінші кезең «Хит» әндері бойынша әріптестеріміз А.Қалаубаеваның «Алдаймын» әнімен шықты. Әнді А.Ихсанова және Ә. Дарлен жанды дауыста шебер орындаса, әннің артынан бір топ қыздарымыз (Ж.Ситолина, Ж.Сағынтаева, Г.Дүйсенова, А.Биялиева, Б.Сағынғалиева) би билеп сахынаның шырайын келтірді.

Ережеге сай қызықты бейнебаян кезеңі бойынша «Ұл күткен әке» бейне баянын түсіріп, көрермендерді күлкіге кенелтті.

ІІ кезең «Ретро» әндерінен әріптестеріміз 70-80 жылдары хит болған Boney M- нің «Daddy cool» әнін А.Кахарманов, Ж.Ситолина, А.Ажгалиева және Г.Ахметова орындап, әннің артыннан аурухана ұжымының бір топ бишілері би биледі.

Әр түрлі сала мамандарынан құрылған қазылар алқасының шешімі бойынша аудандық орталық аурухана ұжымы жүлделі І орынға ие болса, бас жүлдені саз мектебі, жүлделі екінші орынды «Ертөстік» балабақшасы және М-С. Бабажанов атындағы орта мектебі, үшінші орынды Туризим орталығы қанжығаларына байлады. Ынталандыру сыйлығына «Мектептен тыс тәрбие орталығы» және «Бөкейордасы колледжі» ие болды.

Сөздің шынтуына келгенде қазылар алқасының құрамы көпшілікті бей-жай қалдырмады. Өйткені бұл өнер сайысы болғандықтан қазылар мүшесіде өнер адамдары болуы керек деп есептейміз. Қазылар құрамында болған алқалар: Жоламанов Мұхтар мамандығы –экономист, Өтегалиев Мирхан –спортшы, Гайнуллина Данагул-мұғалім. Тағы бір айта кететін жәйт бұл конкурсқа саз мектебі ұжымының қатысуы дұрыс емес, себебі олар кәсіби мамандаар, өнерге жақын адамдар бұл ұжымды мұғалімдер немесе дәрігерлермен салыстыруға болмайды деп санаймыз.

Дегенменде сайыс өз дәрежесінде өтіп, халықтың көңілінен шықты.

FaLang translation system by Faboba