Елдік ұғымды білдіретін, шын мәніндегі ең басты, ең қымбат мереке ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, Елдігіміздің мәңгілік болуы үшін әр отандасымыз алдыңғы лектен табылуы тиіс. Жаңа жылдың да төбесі көрініп тұрғандықтан да шығар, ағымдағы кезеңде ерекше көзге түскендерді осы мерекеде марапаттап, сый-сыяпаттар ұсыну дәстүрге айналған.

Аудандық мәдениет үйінде оздырылған салтанатта жиналғандарды мерекемен құттықтаған аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов ата-бабаларымыз армандаған Азаттықтың қадірін ұғына білу хақында ой толғай келіп, экономикамызбен қатар басқару, білім беру, денсаулық сақтау,мәдениет, шаруашылық, кәсіпкерлік, т.б. салаларда озат атанғандардың есімдерін атап, сахнаға шақырып, құрмет көрсетті.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов пен облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар қол қойған ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫН аудандық саз мектебінің мұғалімі Азамат Зайноллин, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Нұрқайыр Құсайынов, М.Мәметова атындағы орта мектептің мұғалімі Бақытгүл Лұқпанова, «Ораз» шаруа қожалығының жетекшісі Ермек Момынов, аудандық орталықтандырылған аурухананың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің әдіскері Сәния Нүркенова, Ұялы ауылдық округінің әкімі Бақытжан Оразғұлов, ордалық жеке кәсіпкер Назымгүл Оразгелдиева, аудандық электр торабы басшысы, аудандық мәслихат депутаты Самат Оңаев, «Курорт» шаруа қожалығының жетекшісі Насихат Саматов, аудандық демалыс орталығының ансамбль жетекшісі Жоламан Сисенғалиев иеленді.

Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы No13/4 шешімімен «БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атағы зейнеткер сайқындық Мағауия Есмағұловқа,ордалық Антон Федориди мен Береген Қожағалиевке берілді.Ауданның «ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2017» атанып, иықтарына лента ілінгендер: 1. Үздік мұғалім – Майрагүл Тауышева (Т.Масин атындағы орта мектеп),2. Үздік әлеуметтік сала қызметкері – Нұрсағат Хайроллина (Сайқын), 3. Үздік медициналық қызметкер – Лаура Шамұратова (Сайқын),4. Үздік полиция қызметкері – Бекзада Ғайтпаев (Сайқын),5. Үздік балабақша қызметкері –Жанар Сәлімова (Ұялы), 6. Үздік мемлекеттік қызметкер –Қобылан Жанғалиев (Сайқын),7. Үздік ауыл шаруашылық қызметкері – Серік Айтқалиев (Сайқын),8. Үздік шаруа қожалығы жетекшісі – Идағат Нарынов (Мұратсай),9. Үздік мәдениет қызметкері – Рауан Қуанышев (Саралжын),10. Үздік кәсіпкер – Әспет Ахтарова (Бисен),11. Үздік спортшы – Рахым Қожағалиев (Орда). Мерекеде мерейі үстем болғандарды біз де құттықтаймыз

FaLang translation system by Faboba