+ Қаріп өлшемін ұлғайту | - Қаріпті азайту
Бөкей ордасы
аудандық ауруханасы
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы
Call-центр+7 (71140) 40-0-16Версия для слабовидящихОбычная версия сайта

Новости

БастыНовости
  • Жарақаттанудың алдын алу17 сентября 2020, 12:11

    16 қыркүйек күні М.Маметова атындағы ЖББО мектебінің 1-3 сынып оқушылары арасында әр-түрлі жарақаттанудың алдын алу мақсатында, Аудандық аурухананың салауатты өмір салтын сақтау кабинетінің медбикесі А.С.Махимова түсінік жұмыстарын жүргізілді

  • Батыс қазақстандықтар 15 қарашаға дейін тіркелу үшін емхананы таңдай алады15 сентября 2020, 14:49

    Ертең, 15 қыркүйекте Қазақстанда жыл сайын халықты емханаларға еркін тіркеу науқаны басталады, ол екі айға созылады және 15 қарашада аяқталады. Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерде таңдау ұсынылады. Бұл жағдайда, қажет болғанда, емхана дәрігерлері пациенттердің үйіне бара алады, бұл әсіресе пандемия кезінде өте маңызды.

  • Мың алғыс Сізге, дәрігер!02 сентября 2020, 15:37

    Әлем халқын әбігерге салған пандемиямен күресте ақ халатты абзал жандардың еңбегі өлшеусіз екені аян. Біздің аудан көлемінде де дәрігерлер қауымы індеттің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында жоғары жауапкершілікпен, кәсіби біліктілікпен еңбек етіп жатыр.

  • Індет кезіндегі көмек03 августа 2020, 15:23

    Елімізде індеттің жайлуына байланысты Бөкейорда ауданына дәрі дәрмекке Жандос пен Жанбота қаражат жинаған болатын. Сол жиналған қаражатқа дәрігерге арналған арнайы киім (20шт) мен дәрі дәрмек, маска келіп жетті.

  • Қасиетті Құрбан айт30 июля 2020, 15:19

    Қасиетті Құрбан айтта мешітте құрбан шалынбасада кейбір ауыл тұрғындары еттерін мешітке әкеліп тапсырған. Әкелінген еттердің бір бөлігі (27 келі) аудандық аурухананың провизорлық бөлімінде жұмыс жасап жатқан медицина қызметкерлеріне және сол бөлімде жатқан науқастарымызға жеткізілді. Сонымен қатар ауданымыздың кәсіпкері Б.Жумагуловада Құрбан айт мерекесіне орай аудандық аурухана науқастарына ет (10 келі) әкеліп табыс етті.

  • Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде27 июля 2020, 15:13

    Дана халқымыз «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде», демекші жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Сондай жандардың бірі жерлес кәсіпкер «Дар-Дин» ЖШС директоры Джумагелдиева Дариға Абулхайырқызы ауруханамызға 5 импульстік оксиметрді табыс етті. Бізге көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

  • Тағы бір жомар жан жомарттық танытты23 июля 2020, 15:06

    Бүгін ауруханамызға тағыда бір науқастар үшін аса қажетті оттегі аппаратын (концентратор кислорода «Armed» 7F-3L) аудандық мәслихат депутаты Ермек Меңдешев жомарттық көрсетіп, табыс етті. Бұл аппарат біздің науқастарымыз үшін аса қажетті.

  • Қайырымдылық - асыл қасиет21 июля 2020, 12:33

    Қайырымдылық ісіңнен көрінеді, дейді қазақ. Қайырымдылық - асыл қасиет. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен ауыл кәсіпкерлер саны артып келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», демекші, оларға ақпараттық қолдау білдіріп, демеп отырудың маңызы зор.

  • 13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күні13 июля 2020, 12:50

    Бөкейордасы аудандық аурухана қызметкерлері коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға бір минут үнсіздік жариялады.

Сервисы

Президент Республики КазахстанНурсултан Абишевич
Назарбаев

Медицинские организации

Здравоохранение в цифрах
Итоги за 3 квартал 2018 года

Фото

Бейне