29 қазан күні аудандық ауруханада Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне байланысты, емделушілер арасында «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде » тақырыбында шағын семинар өтті.

Семинар барысында дәрігер невропотолог А.Х.Тауманова аталған ауру туралы әрбір адамның хабардарлығын арттыруға, уақытылы диспансерлеу мен профилактикалық медициналық тексеруден өтуге, артериялық қысымды бақылау мен қауіп-қатер факторларын түзету қажеттілігін, сонымен бірге, инсульт белгілерін білу мен инсульт жағдайы орын алғанда өзіндік іс-әрекеттер мен айналадағы адамдардың әрекеттері туралы хабардар болу бағытында дәріс оқыды.

Сонымен қатарсалауатты өмір салтын сақтау кабинетінің дәрігері А.А.Курумбаева салауатты өмір салты (темекі шегуден бас тарту, ішімдікті азайту немесе одан бас тарту, дене салмағын орташа деңгейде ұстап тұру, тұрақты физикалық жаттығулар мен үйлестірілген диета, өз денсаулығын күту бойынша өзіндік қамқорлықты күшейту) қан айналымы ауруларына жол бермейтіндігін түсіндіріп, емделушілерге парақшалар таратты.

Естеріңізге сала кетейік, инсультпен күрес күні жыл сайын 29 қазанда аталып өтеді, ол 2006 жылы аталған аурумен шұғыл және белсенді түрде күресу мақсатында Дүниежүзілік денсаулық ұйымы арқылы бекітілген болатын.

FaLang translation system by Faboba