15-24 қазан аралығында дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабардарлық күніне арналған «Ескерту-түзетуден оңай !» ұранымен онкүндік аясында жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспары жасақталып бекітіліп, көптеген шаралар, дәрістер, үгіт насихат жұмыстары толығымен жүргізілді.

Аудандық ауруханада, ауылдық округтерде онкүндік аясында салауатты өмір салтын сақтау кабинетінің дәрігерімен онколог дәрігері және медбикесінің ұйымдастырылуымен «Ашық есік», семинар –тренингтер, дәрістер, үгіт насихат жұмыстарын жүргізілді. Акция аясында видео –роликтер көрсетіліп қатерлі сүт безі жөнінде көптеген ақыл кеңестермен қоса, түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.

Осы акция аясында 22 қазан күні аудандық аурухана СӨСС кабинетінің дәрігері А.Курумбаева мен онколог медбикесі А.Максутова аудандық кітапхана ұжымымен кездесіп, «Сүт безі обыры, және оның алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесу барысында дәрістер оқылып, бейнебаян , слайдтар көрсетілді. Келген мамандарға тақырып бойынша сұрақтар қойып, үлкен мағынасымен мәні зор жауаптар алды.

FaLang translation system by Faboba