8 қазан күні Бөкей ордасы колледжінде "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында қыздар арасында жиналыс өткізілді. Аталмыш шараға аудандық ауруханадан жалпы тәжірібие дәрігері Г.Д. Кенжегалиева келіп ерте жүктіліктін алдын алу туралы түсінік беріп өтті. Колледж медбикесі Б.С. Темешова жеке бас гигиенасы мен жүктіліктің алдын алу түрлері мен қыздардың жалпы тазалығы жөнінде мағлұмат берді .Шара барысында «Қоғамдағы қыздың тәрбиесі мен әйел адамның орны» тақырыбында сөз қозғалып, «Қыз бала бойжеткенде» атты бейнебаян көрсетіліп, кездесуге келген дәрігерге студенттер тарпынан сауалдар қойылып, толыққанды жауаптар алынды.Шара соңында тренинг өткізіліп, естелікке фотосуретке түсті.

FaLang translation system by Faboba