30 қазан күні «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы тапсырмасымен, аудандық аурухана медициналық қызметкерлері арасында, Қазақстан Республикасының алты нормативтік-құқықтық актілері бойынша ортақ түсінік пен көзқарас үшін, сондай-ақ қызметкерлердің теориялық білімін бағалау үшін тестілеуден өтті.

29 қазан күні аудандық ауруханада Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне байланысты, емделушілер арасында «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде » тақырыбында шағын семинар өтті.

15-24 қазан аралығында дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабардарлық күніне арналған «Ескерту-түзетуден оңай !» ұранымен онкүндік аясында жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспары жасақталып бекітіліп, көптеген шаралар, дәрістер, үгіт насихат жұмыстары толығымен жүргізілді.

8 қазан күні Бөкей ордасы колледжінде "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында қыздар арасында жиналыс өткізілді. Аталмыш шараға аудандық ауруханадан жалпы тәжірібие дәрігері Г.Д. Кенжегалиева келіп ерте жүктіліктін алдын алу туралы түсінік беріп өтті. Колледж медбикесі Б.С. Темешова жеке бас гигиенасы мен жүктіліктің алдын алу түрлері мен қыздардың жалпы тазалығы жөнінде мағлұмат берді .Шара барысында «Қоғамдағы қыздың тәрбиесі мен әйел адамның орны» тақырыбында сөз қозғалып, «Қыз бала бойжеткенде» атты бейнебаян көрсетіліп, кездесуге келген дәрігерге студенттер тарпынан сауалдар қойылып, толыққанды жауаптар алынды.Шара соңында тренинг өткізіліп, естелікке фотосуретке түсті.

Ұлттық жанұя күніне орайластырған «Дені сау жанұя-дені сау мемлекет» Ұлттық бағдарламасы тұжырымдамасы негізінде, аудандық ауруханада 16.09-20.09 аралығында «Отбасым- бақыт мекенім » атты ашық есік күндері ұйымдастырылады.

FaLang translation system by Faboba