Біздің міндет:

  1. Аурухананың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қордың барлық түрін тиімді пайдалану
  2. Медициналық кадрлардың кәсіпқойлығын көтеру
  3. Медициналық қызметтер сапасының деңгейін көтеріп, бәсекелестікке қабілетті болу

Біздің мақсат:

Тұрғындардың медицина қызметкерлеріне деген сенімділігін арттыра отырып, бастапқы медициналық санитарлық көмектің жоғары сапалы және қолжетімді болуын қамтамасыз ету

Кәсіпорын жарғысы


БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Бөкейорда орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізуге құқылы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 27.01. 2009жыл . №54-1926-15-ГП куәлік

«Бөкейорда орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК Сайқын ауылы, Бегалиева көшесі, 10 мекен-жайында орналасқан. Халыққа амбулаториялық-емханалық, стационарлық, сауықтыру және жедел жәрдем көрсету,3 дәрігерлік амбулатория, 3 ФАП және 11 медициналық пункт қызмет етеді.

Қызмет көрсететін халық саны – 15923. Ересектер – 11430. Жасөспірімдер-854. Балалар – 4002. Емхананың құрылымына алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімшесі, күндізгі стационар, стационарды алмастыратын көмек жатады. Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес алғашқы медициналық санитарлық көмек шеңберінде алдын алу, әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді. Бөкейорда орталық аудандық ауруханасында 33 дәрігер, 120 орта медициналық қызметкер қызмет етеді.

Аудандық аурухананың тарихы

1972 жылы 25 сәуірде обылыстық денсаулық сақтау бөлімінің №310 бұйрығымен 35 төсектік сайхын учаскелік ауруханасы негізінде орда аудандық ауруханасы құрылды. Бас дәрігер болып Кенжегулов К.Б. тағайындалды.

1972 жылдың 4 мамырынан Орда аудандық аураханасы өз жұмысын бастады.Аудандық аурухана құрамында 35 төсектік Орда, Саралжын учаскелік ауруханасы , Искра, Бисен, Мұратсай ауылдарында ФАП, Шоңғай, Сталин «Мамбет» Әжен, Ленин, Ворашилов «Қарасу» Сейтқали, Үштерек, Большевик, «Жиекқұм», Коктерек, Жетібай, Тереңқұдық, Бөрлі елді мекендерінде МП болды.

ОДС басқармасының 6 желтоқсан 1972 жылғы №972 бұйрығымен санэпедстанция құрылды. Бастығы болып Иргазиева Найля тағайындалды.1973 жылдың 12 қарашасында обылыстық атқару комитетінің №586 шешімімен 25 төсектік Искра учаскелік ауруханасы ашылды, меңгерушісі Уахитов Ханым.ОДС басқармасының 1973 жылы 25 желтоқсанда №289 бұйрығымен орда учаскелік ауруханасынан 15 орындық өкпе ауруларының бөлімі ашылды, меңгерушісі Сара Есеевна Есеева.Аудандық аурухана жанынан 1974 жылы қосымша корпус салынып 50 орынға үлкейтілді, көз дәрігері, физиотерапевты, лор – дәрігер кабинеттері ашылды.

1976 жылы балалар бөлімі, перзентхана, әкімшілік корпустары салынып, R-кабинеті ашылды. Аурухана 100 орынға кеңейтілді.1976 жылдың 27 мамырында ауданға Денсаулық министрі Төрегелді Шарманұлы Шарманов келіп, аудандық ауруханаға су таситын автокөлік (водовоз) және 10 мың сом ақшалай көмек берді.Обылыстық Денсаулық сақтау басқармасының 1980 жылғы 22 қыркүйектегі №474 бұйрығына сәйкес Бөрлі ауылында, Советтер Одағының Батыры Т. Масин атындағы совхоз орталығында Дәрігерлік Амбулатория 1981 жылдың 1 қаңтарынан ашылатын болды.Орда аудандық халық депутаттары атқару комитетінің 1981 жылғы 30 қарашадағы №273 шешімімен Мұратсай совхозының №2 Көкқамыс бөлімшесінде 1 желтоқсаннан ФАП ашылды.

1982 жылы туберкулез ауруханасы салынып, өкпе ауруханасы ордадан аудан орталығына көшіріліп 50 орынға кеңейтілді. Бас дәрігері болып Нұболат МеңдіханұлыЖанғалиев тағайындалды.

Бұлар Орда Аудандық АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРЛЕРІ болды

  • Кенжеғұлов Қасым Біләлұлы 1972-84жылдары.
  • Қыдырғожин Нұфтолла Елубайұлы 1984-85 жылдары.
  • Ғаббас Әділгерей Уәлиұлы 1985-95 жылдары.
  • Жанғалиев Нұрболат Меңдіханұлы 1995-2006 жылдары.
  • Ғаббас Әділгерей Уәлиұлы 2006-2018 жылдары.
  • Белисанов Анарбек Бейбитович 2018 жылдың наурыз айынан бастап
FaLang translation system by Faboba